Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жеңіліп қалдым»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің шындығын жайып салды

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қахарман ортақ балаларына қатысты сот процестері қайта жанданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның айтуынша, бір жарым жылға жуық уақытқа созылған бұл іс туралы ол осы уақытқа дейін көпшілікке жария етпей келген.

«Бұл жағдайды қоғамға айту мен үшін оңай болған жоқ. Дегенмен, оқырмандар арасында осындай сот дауына тап болып жүрген аналар көп екенін байқадым. Көп сұрақ түсті. Сондықтан сот барысы туралы ашық айтып отыруды жөн санадым. Кем дегенде бір адамға болсын көмегі тиеді деп ойлаймын. Өкінішке қарай, елімізде баласын әкесінен қорғауда қиындық көріп жүрген аналар аз емес», – деді Назым Қахарман.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев бұған дейін 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Осыған байланысты биыл шілде айында Назым Қахарман оны сотқа беріп, әкелік құқығынан айыруды талап еткен. Алайда оның сөзінше, сот үкімі күткендей шықпаған.

«Мен сотта жеңетініме сенімді болдым. Бірақ керісінше болды. Сот процесі барысында судья мен прокурор Қуандықты қолдап тұрғандай әсер қалдырды. Олардың уәжіне сәйкес, ол марқұм Салтанатпен заңды некеде болмаған, есірткі немесе алкогольге тәуелді емес, сондықтан әкелік құқығы сақталады деп шешті», – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button