Түркиялық бапкер-скаут Әли Эмре «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков туралы пікірін білдірді , деп жазады qandastar.kz. порталы kazfootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Эмренің айтуынша, егер Түркияның «Фенербахче» клубының негізгі қақпашысы Ифран Джан Эгрибаяд командадан кететін болса, оның орнын Темірлан Анарбеков басуы мүмкін.
«Ифран Джан Эгрибаяд клубтан кетсе, оның орнына Темірлан Анарбеков келеді. Қазіргі уақытта ол Чемпиондар лигасындағы ең үздік үш қақпашының қатарында. Ол алматылық «Қайрат» сапында бірнеше керемет матч өткізді. Бельгияға қарсы ойында тарихи ірі есеппен жеңіліп қалудың алдын алды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық футболшы болғанда, оны 10–15 миллион еуроға да сатып алу мүмкін болмас еді», – деді Әли Эмре.



