Танымал актриса, әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова анасына күтпеген сыйлық жасап, елдің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова анасына пәтер сыйлағанын айтып, желіде жазба жариялады.

«Бұл күнге ұзақ дайындалдым. Көп күттім, армандадым, қатты қаладым. Осы сәт үшін шаршамай еңбек еттім. Шүкір. Таңертең анашымды таңғы асқа деп алдап алып шықтық. Маған әлемнің жарығын сыйлаған анашыма қандай сыйлық тарту етсем де, өтелмес борышым бар деп білемін», — деп жазды актриса.
Оқырмандары актрисаға қолдау білдіріп, құттықтап жатыр.



