Көші-қон заңнамасы

Халықтың көші-қоны туралы заң 10

10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ 52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу 1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 2. Алып тасталды - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушы жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-тарау. ІШКІ КӨШІП-ҚОНУШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ
52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу
1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

2. Алып тасталды — ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушы жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді — ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close