Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген өзінің парақшасында бұрынғыдан бетер оқырмандарымен салғыласып, жұрттың ренішін оятты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Жақсыген парақшасында «Әлемде ажырасқан Тұрсынбек екеуміз ғана сияқтымыз» деп жұрттың ашуына бір тисе, енді бірде тіпті оқырмандарын «бейшаралар» деп кемсітуден де тартынбады.
«Қарыздан қарыз болып әркімнен ақша сұрап сүмеңдеп кредитіңті төлей алмай, квартирада тентіреп, өмірің бал қып көрсетейін десе де көтіңнен шығып тұрып біреудің өмірі жайлы айтасың ұялмайсың ба? Оданда жұмыс істеп тірлік істеп ата анаңа үй салып беріп қажылыққа жіберіп, батасын алып, тірлік жасаңдаршы. Жағдайы барлар жақсы жерде жүріп жақсы өмір сүреді, ал іші тар адамдар армандары орындалмай қалған бейшаралар«, — деді ол.
Актердің оқырмандары «мынаған «қой» дейтін айналасында ақылы бар адам жоқ па» деп дабыл қағып бастады.



