Танымал әнші Жазира Байырбекова жаңа жыл қарсаңында ірі сауда желісіне барып, азық-түлік алып жатқан видеосын жариялап, сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Тойдан кейін дүкенге соқсақ адам көп. Жәкең: «Продуктылар бітіп қалмаған ба өзі?» -деп әзілдеп қояды.
Жаңа жыл жақындаса, дүкен де мереке, халық та мереке күйінде.
Сіздерде дайындық қалай жүріп жатыр?
Бәрін алып қойдыңыздар ма, әлде біз сияқты соңғы күнге қалдырдыңыздар ма?» — деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі тілектестік білдіріп жатса, өзгелері әншіні сынап тастады.
«Айт мерекесінде осылай алар ма едіңіздер», «Осындай ақшам көп болса менде көп қып алар едім» және «Бәрін көрсетіп болдық, енді қандай азық түлік алатынымыз көрсету ме? Бұл мақтаншақтық» деп жазып жатыр олар.



