Жаңалықтар

Үй ішінен шыққан ұры: Түркістанда келін енесінің 8,5 млн теңгенің алтындарын ұрлаған

Түркістанда полицейлер пәтер ұрлығы дерегі бойынша тосын жағдайға тап болды. Ұры пәтер иесінің келіні болып шықты, деп жазады qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыздана отырып, өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жәбірленушінің келінін де тергеген. Нәтижесінде енесінің бағалы бұйымдарын келіні қолды қылғаны анықталды. Ол биыл мамыр айынан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңге болған. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button