Спорт

Париждегі «Гранд-Слэм»-ге Елдос Сметов шыға ма?

7-8 ақпан күндері Париждегі «Гранд-Слэм» турниріне қатысатын ұлттық құрама дзюдошылары анықталды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жоқ, деп жазады qandastar.kz.

Париждегі үлкен дулыға турнирінде ел намысын қорғайтын дзюдошылар: 48 кг: Әбиба Әбужақынова

  1. 60 кг: Шерзод Давлатов
  2. 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
  3. 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
  4. 90 кг: Айдар Арапов
  5. 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

Айта кетейік, айтулы турнир дзюдошылар үшін 2026 жылдың алғашқы додасы болмақ. Ал Елдос Сметов болса 2024 жылы Париж Олимпиадасынан бері әлі татамиге оралған жоқ. Алайда даңқты спортшы жақында қайтадан дайындықты бастағанын хабарлаған еді.

Әзірге Елдос Сметовтың қашан татами төріне оралатыны белгісіз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button