Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков немерелерімен бірге түскен жүрекке жылы видеосымен желі қолданушыларын тәнті етті, деп жазады qandastar.kz.
Продюсер жары Гүлзира Айдарбековамен бірге немерелеріне тосынсый жасап, сол әсерлі сәттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ата мен әженің кішкентай немерелеріне киім сыйлап, оларға шексіз мейірім мен қуаныш сыйлағанын байқауға болады.
Жылулыққа толы видео көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, желіде көптеген жағымды пікірлер қалдырылды. Оқырмандар:
«Нағыз үлгілі ата-әже»,
«Немерелеріне деген сүйіспеншілігі анық сезіледі»,
«Ата мен әжеге ұзақ ғұмыр тілейміз»,
«Немерелерінің қызығын көріп, аман болсын», – деп жазды.
Сондай-ақ көпшілік Нұртас Айдарбековтің немерелерімен еркін, жақын қарым-қатынаста болып, заманауи форматта видео түсіруін де жоғары бағалады. Отбасылық құндылықтар мен мейірімге негізделген бұл бейне желі қолданушыларына жағымды әсер қалдырғаны сөзсіз.



