Жаңалықтар

«Еркектік мысы басым»: Асанәлі Әшімовтің әйеліне айтқан соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімовтің соңғы фотосессиясы кезінде жарына арнаған жүрек тебірентерлік сөзі кеңінен тарады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Фотограф Искадер Ізет Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған бейнежазбада аңыз актердің жас жары Бағдат Әшімоваға өзіне сенуге болатынын білдіріп, ерекше ілтипат танытқанын көруге болады.

Басыңды қой иығыма, – дейді ол жұбайына.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Iskander Izet (@iskanderizet)


Жазба авторы бұл сәтті шынайы махаббаттың айқын көрінісі ретінде бағалап, ерлі-зайыптылардың арасындағы терең байланысты ерекше атап өткен.

Олардың махаббаты да Асанәлідей терең, Бағдаттай нәзік еді. Үнсіз түсінетін, үнсіз сүйетін сезім, – деп жазды ол.

Бейнежазба желі қолданушыларының да ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік актердің адами болмысына, жарына деген құрметі мен мейіріміне тәнті екенін жасырмады.

«Еркектік мысы басым екен», «Неткен керемет жандар», «Әйелге деген құрметі өте жоғары» деген пікірлер жиі жазылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button