Спорт

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды (ФОТО))

Қазақстанда 2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды, деп жазады qandastar.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, спорттық киімнің техникалық талаптарын келісу, макеттерін бекіту және жеткізілетін өнімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Комиссия құрамына ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық олимпиадалық комитеттің, ведомстволық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар енген.

Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киім эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Айта кетейік, спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның құрамына Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыстар кезеңінде қолданылатын жылы сыртқы киім, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті пайдалануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.

Сонымен қатар ұлттық құраманың спорттық киімі бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынғаны атап өтілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button