ЖаңалықтарШоу бизнес

«Ағасының бөлмесіне іліп қоямыз»: Димаштың ерекше жанкүйері әншіге тосын сый жасады

Танымал журналист Айгүл Мүкей ерекше бүлдіршіннің арманы орындалғаны туралы жазба жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Астанада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен жаңажылдық іс-шара өтті.

Оған Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтпаева қатысты.

«Астанада Әйелдер және отбасы істері жөніндегі комиссия бар, және біз қоғамға мүмкіндігінше көмектесуге тырысамыз, соның ішінде олардың армандарын орындауға тырысамыз.

Жансаяның арманы — өзінің кумирі kudaibergenov.dimash-пен кездесу.

Бүгін ол анасы Светлана ханымға қолдан жасалған суретін сыйға тартты.

Барлық балалардың армандары орындалсын», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары ізгі тілектерін жазып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button