Жаңалықтар

АҚШ Венесуэла аумағына алғаш рет соққы жасағанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскери күштер Венесуэла аумағына алғаш рет соққы жасағанын айтты, деп жазады qandastar.kz ақпараттық агенттігі DWсайтына сілтеме жасап.

АҚШ президентінің айтуынша, есірткі тиеумен айналысқан кемелер жиналатын портта қуатты жарылыс болған.

«Есірткі тиелген кемелер жүктелетін портта күшті жарылыс болды. Біз барлық кемелерге соққы бердік, енді осы істі ұйымдастырған ауданға соққы жасап жатырмыз. Ол енді жоқ», — деді Дональд Трамп.

Алайда АҚШ әскері де, Венесуэла билігі де мұндай соққы туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін АҚШ әскері Венесуэлаға тиесілі, есірткі тасымалдады деп айыпталған кемелерге ғана шабуыл жасаған. Әрбір мұндай операция Каракас тарапынан қатаң сынға ұшыраған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button