57 жастағы автобус жүргізушісі Өскемен-Новосибирск бағытында жүріп бара жатып қайтыс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Бажов көшесінде болған.
«Автобус Бажов көшесімен жүріп келе жатқанда, 57 жастағы жүргізуші кенеттен ауырып қалды. Екінші жүргізуші жедел жәрдем шақырды. Өкінішке қарай, ер адам ол келгенге дейін қайтыс болды», — деп атап өтті департаменттегілер.
Полицияның мәліметінше, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жолаушылардың айтуынша, ер адам автобекетте өзін нашар сезіне бастаған. Ол жақында жүрегіне операция жасатқанын айтқан.



