ЖаңалықтарШоу бизнес

«44 жасымда алғаш рет»: Роза Әлқожа халықтан сүйінші сұрады

Роза Әлқожа әлеуметтік желіде өмірі мен шығармашылығындағы жаңа жаңалықтарымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесі алғаш рет Жаңа жылға арналған ән жазғанын қуанышпен жеткізді.

«Кеш жарық! Алғаш рет жаңажылдық фотосессия жасаттым. @adil_utemis пен @assem.sattybayeva-ға үлкен рахмет! Түнде айтқан ойымды ертесіне-ақ жүзеге асырып бердіңіздер. “Жаңа жыл келіп қалды ма?!” деп отырған шығарсыздар. 44 жасқа келіп, тұңғыш рет Жаңа жыл туралы ән жаздым. Әннің сөзін де өзім жаздым. Алдыңғы күні өңдетіп, кеше дауысын жазып бітірдім, ертең сайтқа жүктеймін. Биылғы жылға өте ризамын. Өмірімдегі барлық қуаныш үшін шүкір. Кездескен әр адамға алғысым шексіз. Алдағы жылдан тек жақсылық күтеміз!», – деп жазды әнші.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button