Шоу бизнес

Мөлдір Мұқан Жаңа жылды қонақүйде қарсы алғанын айтты

Мөлдір Мұқанның Жаңа жылды балаларымен бірге үйде емес, қонақүйде қарсы алуы желіде қызу талқыға түсті, деп жазады qandastar.kz.

Белгілі болғандай, блогер балаларымен Rixos қонақүйіне барған. Бұл шешім көпшіліктің назарын аударған соң, Мөлдір Мұқан өз ұстанымын түсіндірді.

«Rixos біз үшін екінші үйіміз секілді. Жаңа жылды осында қарсы аламыз деп шештік. Манты, салат дайындап әбігерге түскенше, тынығып, мерекеден ләззат алғымыз келді», — деді ол.

Алайда желі қолданушылары бұл мәселеде екіге бөлінді. Бірі блогердің таңдауын қолдаса, енді бірі отбасылық мерекені міндетті түрде үйде қарсы алу керек деген пікір білдірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button