Танымал әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау әлеуметтік желіде жариялаған би видеосымен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады qandastar.kz.
Жасөспірім Instagram желісіндегі парақшасында би билеп тұрған сәтінен видео жариялағаннан кейін, желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас басталды.
Кейбірі Алаудың еркін қимылын, би мәнерін және батылдығын жоғары бағалап, қолдау білдірсе, енді бірі бұл биді орынсыз деп санап, сынға алды. Әлеуметтік желіде «Бұлай билеу ерсі», «Ұят», «Ата-анасы қайда қарап отыр?» деген пікірлер де жазылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



