ЖаңалықтарСпорт

Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды

Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп жазады qandastar.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, рейтингте бірінші орында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) тұр.

Жуырда допинг дауына іліккен боксшы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ үздік үштікте Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) бар.

Ал үздік ондыққа мына боксшылар енген:

  • Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО);
  • Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО);
  • Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО);
  • Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО):
  • Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 КО);
  • Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 КО);
  • Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін The Ring беделді басылымы допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлын орта салмақ дәрежесі бойынша рейтингтен шығарып, жаңартылған тізімді жариялаған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button