Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақмола облысында тұрғын үйде газ жарылды: бір отбасы мүшелері зардап шекті

Ерейментау ауданына қарасты Тайбай ауылында 3 қаңтар күні сағат 16:25 шамасында газ баллоны жарылып, тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ерейментау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, оқиға кезінде үй иесі 1975 жылы туған Қуанышбек Мауашан үйде болған.

Өрт салдарынан бірнеше адам зардап шекті:

  • 1975 жылы туған Төлеген Серікгүл – денесінің 30%ын қамтыған екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік алып, жарақаттық есеңгіреу жағдайына түсті.
  • 2008 жылы туған Қуанышбек Сая – денесінің 30%ына екінші дәрежелі термиялық күйік алған.
  • 2009 жылы туған Қуанышбек Шолпан – денесінің 90%ын қамтыған үшінші-төртінші дәрежелі ауыр термиялық күйік алып, жарақаттық есеңгіреу жағдайында ауруханаға жеткізілді.
  • 2005 жылы туған Қуанышбек Сабр – денесінің 30%-ын екінші дәрежелі термиялық күйік алған.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер ауруханада ем қабылдауда, дәрігерлер тарапынан қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға орнына Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов арнайы барып, өрт болған үйдің жағдайымен танысып, зардап шеккен азаматтардың хал-ахуалын бақылауға алды.

Жағдай аудан басшысының жеке бақылауында.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button