Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әрекетін және Николас Мадуроның тұтқындалуын «диктаторларға» қатысты дұрыс ұстанымның үлгісі ретінде бағалады, деп жазады qandastar.kz.
«Егер диктаторлармен осылай әрекет етуге болатын болса, онда Америка Құрама Штаттары алдағы қадамдарын қалай жасау керегін біледі», — деп мәлімдеді Зеленский Киевте журналистер алдында, украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша.
Мәлімдеменің контексі Зеленскийдің бұл сөздері Ресей президенті Владимир Путинге қатысты ишара болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Флоридадағы баспасөз конференциясында мемлекеттік хатшы Марко Рубио Мадуроға қарсы жүргізілген операцияның басқа елдер үшін де ескерту екенін айтып, Американы байыппен қабылдау қажет екенін атап өткен еді.



