ҚР Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуші куәлігіге қатысты WhatsApp мессенджерінде таралған хабарлама бойынша мәлімдеме жасады, деп жазады qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
WhatsApp желісіндегі жүргізушілер енді барлық құжатты міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек деген дауыс хабарламасы шындыққа жанаспайды. Расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, — делінген ІІМ мәлімдемесінде.
Айта кетсек, бұған дейін ІІМ өкілдері рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралған хабарламаға пікір білдіріп, оның жалған екенін айтқан еді.



