Жаңалықтар

«Көлікті 2004 жылғы жігіт жүргізген»: Атырауғы жол-көлік апатында бір әйел көз жұмды (ВИДЕО)

Атырау-Орал бағытындағы республикалық жолда 4 қаңтар күні кешкі сағат 19:15 шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Qazaq Oil жанармай құю бекетінің маңында болған. Mercedes көлігін тізгіндеген 2004 жылғы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 1979 жылы туған азамат басқарған Газель көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс нәтижесінде екі көлік те толықтай жанып кеткен. Қайғылы жағдай салдарынан Газель көлігінде болған 1966 жылы туған әйел жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және қарсы жолаққа шығу кезінде аса мұқият болуды ескертеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АТЫРАУ | ҚАЗАҚСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button