Жаңалықтар

Қазақстандық жүргізушілер әдемі көлік нөмірлері үшін таласып жатыр

Бүгін Қазақстанның мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында  жүргізушілер жаппай жиналды. Бұған себеп —  мемлекеттік тіркеу нөміріндегі әріптер мен сандар комбинациясын өз қалауынша таңдауға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызметтің іске қосылуы. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Kursiv.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап автокөлік иелері дайын «әдемі» нөмірлерді ғана емес, VIP санатына кірмейтін кез келген әріптер мен сандар комбинациясын өздері ойлап таба алады.

Алайда қызмет ресми түрде 1 қаңтарда енгізілгенімен, өтінім беру мүмкіндігі тек 5 қаңтарда қолжетімді болды. Қызмет құны нөмір түріне байланысты 10-15 айлық есептік көрсеткішті (шамамен 43,2-65 мың теңге) құрайды.

Жаңа қызметке сұраныс жоғары.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері алғашқы қызығушылық толқыны басылғаннан кейін деректер базасының жұмысы тұрақталады деп күтетінін хабарлады. Ал автокөлік иелеріне жоғары жүктемеге байланысты кідірістер болуы мүмкін екенін ескертеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button