Танымал әнші Ернар Айдар желідегі видеосы үшін сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әнші жаңадан алған көлігін көрсетіп, тыңдармандарынан көрімдік сұрады.
«Ассалаумағалайкум баршаңызға!
Жылдың басын осылай өз-өзіме сыйлық жасап бастадым.
Құттықтап қойсаңыздар болады.
Баршаңызға жұғысты болсын.
Каспи нөмерімді білетіндер, көрімдік жіберемін десеңіздер қарсы емеспін», — деп жазды ол.
Алайда желі қолданушылары әнші көлікпен қос сызықты басып өткенін айтып, айыппұл арқалауы мүмкін екенін жазуда.
«Двойнойды басып тұрғаныңыз қалай кетті», «Көрімдік емес, айыппұл алатын сияқтысыз-ау» және «Құтты болсын! Бірақ жұлдыздарға двойной сызықты басуға кім рұқсат берді или заң тек қарапайым халыққа қана жүреді ма?» деп жазып жатыр олар.



