Шоу бизнес

Танымал әнші ұлына Баян Алагөзованың күйеуінің атын қойды

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық әнші Айша Байбосынова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, 26 желтоқсанда оның ұлы дүниеге келген. Әнші бұл сәбиді көптен күткен үлкен сый деп атап өтті, деп жазады qandastar.kz.

Нәрестеге Тұрсынғали есімі берілген. Бұл есім продюсер Баян Алагөзованың жолдасы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың құрметіне қойылған.

«Бөбегімізге азан шақырып, Тұрсынғали деген есім бердік. Бұл ат – тағдыр бізге жолықтырған ардақты жандарға деген құрметтің белгісі, жылдармен сыналған достық пен сенімнің символы. Ұлым, жомарт, мейірімді, зерек, жүрегі ашық, елге сыйлы, дәулеті мен берекесі мол азамат бол», – деді Айша Байбосынова.

Сондай-ақ әнші өз отбасын шын жүректен құттықтаған барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AishaAhat (@aisha_baibossynova)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button