Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тарихшы елдің жындыханаға айналып жатқанын айтты

Тарих ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Шәмші Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында қазіргі қазақ қоғамындағы үрдістерге қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалым жаңа жылды тойлау дәстүрі қазақы дүниетанымға сай келмейтінін атап өтіп, қоғамда қалыптасқан бірқатар құбылыстарды қатаң сынға алды.

Сондай-ақ тарихшы елдегі қазіргі ахуалды ауыр теңеумен жеткізді.

«Өкпелегеннің өкпесі түссін, бірақ ақиқаты осы – ел жындыханаға айналып бара жатқандай», – деп ашық мәлімдеді.

Ол «крещенский мороз» дәстүріне де тоқталып, суық суға түсу қазақтың физиологиясына сай емес екенін айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button