Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі, сондай-ақ республика басшысы Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы Ахмат Қадыров жаңа қызметке тағайындалды. 2026 жылғы 5 қаңтарда ол Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп жазады qandastar.kz.
Бұл жөнінде Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, 2026 жыл үкімет құрылымындағы бірқатар шағын кадрлық өзгерістерден басталды.
Сондай-ақ Шешенстан Республикасының ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев та үкімет төрағасының орынбасары міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
«Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевтың басқарушылық тәжірибесі мол, жауапты салалардың ерекшелігін терең түсінеді және өздерін жауапты әрі тиімді басшылар ретінде көрсетті», – деді Рамзан Қадыров.



