Атырауда жоғалып кеткен отбасының иесі Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Асила Мұқанғалмева журналистерге сұхбат беріп, жан айқайын жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Аман-есен бәріңіз ортамызға оралыңыздаршы. Сұлтан, бауырларымды қайда жібердің? Бір хабарын беріңдерші деп тілеймін. Мақсот Мұқанғалиев деген кісі – менің әкемнің інісі. Ең бірінші Наурыз деген інім жұмысқа кетеді. Ол телефон арқылы сөйлесіп тұрады екен. «Менде бәрі жақсы, жұмыстамын, қолым тимей жүр» дейтін, – деді ол.
Еске салақ, бұған дейін Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған болатын. 25 желтоқсанда жергілкті тұрғын полицияға хабарласып, ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағаны туралы арызбен жүгінген.
Қазіргі таңда жоғалып кеткен азаматтарға іздеу жарияланған. Атырау облысының полиция департаменті таратқан бағдарламаға сәйкес, төмендегі тұлғалар іздестірілуде:
- 1959 жылы туған Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылы туған Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылы туған Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылы туған Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


