Танымал «Айгөлек» бағдарламасының жүргізушісі болған әнші Еркеш Хасенге қатысты желіде дау тудырған ақпарат тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaqmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы кездері «Қызым» әнімен танылып жүрген әншіге қатысты жазбаны Threads әлеуметтік желісінде өзін оның жары Әйгерімнің құрбысы ретінде таныстырған қолданушы жариялаған. Онда Еркеш Хасеннің отбасына опасыздық жасағаны айтылған.
«Осы жаңалық шықты-ау. Еркештің бірінші әйелі болған менің құрбым Айгерім еді. Оның қалай қиналғанын, жылағанын менен артық ешкім білмейтін шығар. Құрбыммен некеде бола тұра Жанельмен жүріп кеткен. Тіпті қызына хабарласпаған, жоқ болып кететін. Осыдан 1 жыл бұрын болған. Айгерімнің сабырлылығына таң қаламын. Оның еңбегімен жасалған, ремонты біткен пәтерде түк болмағандай осы екеуі тұрып жатыр! Айгерім қанша тырысты отбасын сақтап қалуға! Қалай қиналды… Ол — өте еңбекқор, ашық-жарқын қыз», – деп жазды Сандуғаш есімді желі қолданушысы.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің Жанель Серғазинадан тағы бір қызы бар екені жайлы да ақпарат тараған.
«Қаншама көз жасы төгілді! Қиналды! Жүрегі ауырды! Медина қызы папасын іздейтін еді сол кездері (1 жыл бұрын). “Егіз лебізде” екеуінің құшақтасып, жабысып жүргенін бәрі көрген. Сонда Жанель үйде әйелі мен қызы күтіп отырғанын біле тұра Еркешке жабысып, ақыр соңында аяғы ауыр болып қалады. Құрбым басқалар сияқты сұхбат берсе де болатын еді, бірақ үндемеді. Айгерім былтыр Жанелге жазған, себебі “Егіз лебізде” жабысып жүргендерін ести бастайды. Жүрегі сезеді. Қыздар, интуиция алдамайды ғой? Сонда ханым: “Сенің байың маған керек емес, байыңа ие бол, арамызда ештеңе жоқ” деген! Бірақ баяғыда болған! Еркешті іздеп сол былтыр Алматыға барды Айгерім қызымен. Тіпті сол кезде кездесуден де қашты. Айгерім өзі жұмыс істеп, өзі асырап жүрді қызын. Мен де баламен жүрдім ол кезде, барынша қолдауға тырыстым! Айгерімнің қоңырауын алмайтын, менікімен сөйлесетін. Мені бұғаттады», – деп жазды өзін Әйгерімнің құрбысы ретінде таныстырған қолданушы.
Айта кетейік, аталған жазбаны жариялаған Сандуғаш есімді қолданушы кейінірек жазбасын әлеуметтік желіден өшіріп тастаған.



