«Қөзін әдемі» хитінің орындаушысы Еркеш Хасен дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары әнші және актриса Жанель Серғазинамен брендтер мен компанияларды олармен жұмыс істемеуге шақырды, деп жазады qandastar.kz.
Резонансқа артистердің жеке өміріне қатысты болжамды оқиға себеп болған. Threads және басқа да әлеуметтік желілерде Еркеш Хасеннің некеде болып, кәмелетке толмаған қызы бола тұра, Жанель Серғазинамен романтикалық қарым-қатынаста болғаны жөнінде көптеген посттар тарады.
Қазақстандықтар бұған дейін «Қызым» әнімен танымал болған әншіні қатаң сынға алды. Пікір білдірушілер, әншіні шығармашылығында отбасылық құндылықтарды насихаттағанымен, әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, отбасын сақтай алмаған деп айыптауда.
Қазіргі таңда Еркеш Хасен де, Жанель Серғазина да бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Соған қарамастан, оларды «канселдеуге» шақырған жазбалар желіде белсенді түрде таралуда.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Еркеш Хасеннің жұбайының жақын құрбысы атынан жазылған хабарлама сыбыстарды растайтынын, желі қолданушылары жазуда.
Айта кетейік, бұған дейін Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина «Егіз лебіз» жобасына бірге қатысқан.



