Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылды. Тергеу ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша жүріп жатыр, деп жазады qandastar.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әңгіме КҚК нысандарына шабуылды қолдаған және соған үндеген азаматтардың әлеуметтік желілердегі пікірлері туралы болып отыр. Аталған дерек бойынша ұлтаралық араздықты қоздыру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жазбалардың авторларын анықтап, дәлелдемелер жинап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша Бас прокуратура түпкілікті құқықтық баға беріп, процессуалдық шешім қабылдамақ.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Бас прокурор Берік Асылов пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдап, КҚК нысандарына соққы жасауға жария түрде шақырған әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға беруді ұсынған еді.
Еске салсақ, 2025 жылғы 29 қарашада Каспий құбыр консорциумының Теңіз терминалына тағы бір шабуыл жасалып, салдарынан сыртқы айлақтық құрылғы ауыр зақымданған еді. Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.



