
Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында бүтін бір отбасы жоғалып кеткен болатын.
Ерлі-зайыптының мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полицияға сілтеме жасап.
Ұлы мен қызы әлі іздестіріліп жатыр.
«Қызылқоға ауданында Атырау облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.
Қазіргі уақытта тағы екі жоғалған адамның жүрген жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда», — делінген мәлімдемеде.
Аталған факті бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілердің жеке басы анықталды.
Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Сондай-ақ бұл отбасының кіші қызы мен күйеу баласы шет мемлекетте жүргені анықталған.


