Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпті ойландырып қойды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Депутаттың айтуынша, бойдақ кезінде жылаған балаларға ашуланатын.
Алайда отбасы құрғалы бәрі өзгеріпті.
«Бойдақ кезімде, бөтен баланың жылағаны жүйкеме тиетін. Тіпті «неге жылай береді? неге қарамайды?» деп іштей ашуланатынмын. Ал қазір мүлде басқаша. Өзім ата-ана болған соң, баланың жылауы жай ғана дыбыс емес екенін түсінесің. Ол да тіл. Айта алмайтын сыр. Жылаудың себебін іштей іздейсің. Бұрын жүйкем жұқаратын нәрсе, бүгін жүрегіме тиіп өтеді де, жай ғана өтіп кетеді. Бұрынғыдай ашу мүлде жоқ. Адамды өзгертетін нәрсе жас емес, атақ емес, тіпті уақыт та емес. Жауапкершілік. Оны ата-ана болғанда ғана түсінесің. Бала жылауы сабырды үйрететін ең үлкен сабақ.
Одан қала берді, базарда, сауда-орындарында бала-шағамен жүрсе, «несіне шұбырылып жүреді» деп те ойлайтынмын. Ал қазір бәрі басқаша, солай ма? Басқа түскенде ғана өмір басқаша, ойлау да басқаша болады», — деп жазды ол.
Оқырмандарды да депутаттың сөзін қолдап жатыр.



