Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкентте үшем дүниеге келді

Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшемдер бүгін үйіне шығарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ауыр жағдайда босанған ана мен перзенттері бұған дейін дәрігерлердің жіті бақылауында болған.

«2025 жылғы 28 қараша күні Айгерім есімді келіншек ота жолымен үшем қызды дүниеге әкелді. Салмақтары 1300-1500 грамм аралығында болған нәрестелер алғашқы тәулікте қалалық перзентханадағы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, кейіннен 39 күн бойы нәрестелер патологиясы бөлімінде ем қабылдады», — делінген мәлімдемеде.

Ал 5 қаңтар күнгі жағдай бойынша сәбилер салмақ қосып, 2300 грамға дейін жетті.

Қазіргі таңда нәрестелер мен ананың жағдайы тұрақты.

Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде үшем өмірге сәтті бейімделіп, қалыпты дамуда.

Айта кетейік, 2025 жылы Шымкент қаласында 27 457 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 286 егіз және 5 үшем бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button