Венесуэла АҚШ-қа 30-дан 50 млн баррельге дейін жоғары сапалы мұнай жеткізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz.
«Венесуэланың уақытша билігі Америка Құрама Штаттарына 30-дан 50 млн баррельге дейін жоғары сапалы, пайдалануға рұқсат етілген мұнай беретінін хабарлауға қуаныштымын. Бұл мұнай нарықтық бағамен сатылады, ал мен Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде бұл қаражаттың Венесуэла мен Құрама Штаттар халқының игілігі үшін пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін оларды қадағалаймын! Мен энергетика министрі Крис Райтқа бұл жоспарды дереу жүзеге асыруға кірісуін тапсырдым. Мұнай сақтау кемелерімен тікелей Құрама Штаттарындағы түсіру айлақтарына жеткізіледі», — деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп 7 қаңтарда өзінің TruthSocial әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.
Еске сала кетсек, 3 қаңтарда АҚШ Венесуэлаға қарсы операция бастап, президент Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындады.



