Жаңалықтар

Иманғали Тасмағанбетов марқұм Асанәлі Әшімовтың шаңырағына арнайы барды

Жақында ғана қызметінен босатылған Иманғали Тасмағанбетов Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың қаралы шаңырағына бас сұғып, дұға жасады, деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл жайында ақын Маралтай Райымбекұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. «Орнында бар оңалар» деген сөз еріксіз ойыма оралды. Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды. Асыл ағаның шырағы сөнбесін!, – деп жазды ақын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button