Қытайда 2026 жылға арналған балаларға арналған мемлекеттік субсидияға өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама бойынша 3 жасқа дейінгі әр балаға жылына 3,6 мың юань (шамамен $513) төленеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Тizginkz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өтінімді Alipay мен WeChat арқылы онлайн беруге болады. Бағдарлама 2025 жылдың шілдесінде іске қосылып, қазірдің өзінде 24 миллионнан астам адамды қамтыған. Былтыр пайдаланылған субсидия көлемі 72 млрд юаньға жетті – бұл бөлінген бюджеттің 80%-ы.
Бұл қадам – демографиялық құлдырауға қарсы Пекиннің нақты әрекеті. Қытай билігі халық санының азаюы мен қартаюын стратегиялық қауіп деп бағалап отыр.



