Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында тойлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп жазады qandastar.kz
Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories-те отбасымен демалып жүрген сәтін көрсетті. Ол Мальдив аралдарында қызы Сезімнің 18 жасын атап өткенін жеткізді.
Әлеуметтік желіге жүктелген видеода, Қайрат қызының 18 жасына арналған сыйлығын атап өтті.
Әнші қызына жаңа пәтер мен көлік алып берген көрінеді. Алайда желі қолданушылары Қайратты ішіп алған, ал қызын тым ашық киінген деп айыптады.
«Негізі акесінің қасында кішкене киініп отырған дурыс кой. Әкесі калай құшақтайтынын білмей тур ынғайсызданып»,
«Не іштің? Орысшаға бастың ғой»,
«Ұятын- ай, әкеміздің алдын омырауымызды ашпақ түгел, кыска киім кимедік», — деп жазды пікір білдірушілер.
@nomer_odin13



