ЖаңалықтарШоу бизнес

«Аузыма шәйнап нан салған»: «кіші әжесімен» жүздескен Мұхамеджан Тазабек желіде қолдау тапты

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек 87 жастағы әжесі туралы жазба жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, бала кезінен кіші әжесінің қамқорлығында өскен.

«Әжемнің есімі — Ұлбала. Атамның інісінің жұбайы. Бірақ, еншісі бөлінбеген кісілер болғандықтан, бала кезімде бәріміз бір үйде тұратынбыз.

Мен үлкен әжемнің тәрбиесінде, әрі осы кіші әжемнің қамқорлығында өскенмін.
Кішкентай кезімде аузыма шәйнап нан салған, сүт берген.

Анам жұмысқа кеткенде маған қанша қызметі өткен адам ғой. Біз де әйтеуір, шамамыз келгенше, қартайып, әлсіреген уақытында қызметіне жарауға тырысып жатырмыз», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары видеоға жылы пікір қалдырып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button