ЖаңалықтарШоу бизнес

«Реклама ғой»: Еркебұлан Тоқтар белгілі блогермен қарым-қатынасына нүкте қойды

Актер әрі ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Бота Миа атымен танымал блогер Ақбота Нұрақынмен арадағы қарым-қатынасқа қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді. Әлеуметтік желідегі парақшасында видеолар жарнамалық түсірілім екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Реклама түсіріп жүрміз, не болды сооонша», – деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Бұған дейін Еркебұлан блогер Ақбота Нұрақынға гүл сыйлап, күтіп жүрген сәттерін көрсеткен видеоларын жариялаған еді. Сол жазбалардан кейін желі қолданушылары екеуін жұп деп ойлап болжам жасаған.

Алайда жуырда жарияланған жаңа видеоларда Еркебұлан Тоқтар мен Бота Мианың бірге жаттығу жасап жатқаны, сондай-ақ кинода құшақтасып отырған кадрлары көрсетілді. Аталған бейнематериалдар «Ғашықпын саған» фильміне арналған жарнама екені белгілі болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button