«Астана – Петропавл» автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза болды, деп жазады qandastar.kz
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2026 жылғы 8 қаңтарда болған. Жол үстінде бетпе бет келген Toyota Camry және Shacman автокөліктері соқтығысқан.
Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша Toyota Camry қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, – дейді полиция.
Көлік рөлінде 24 жастағы жігіт болған. Қайтыс болған жолаушылар 64, 18 және 15 жаста болған.
Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.



