Алматы облысында белгісіз адамдардың жылқыларды жол жиегінде атып, құлағын кесіп, етін сойып әкету деректері тіркеліп отыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Sn.kz_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, үш күн бұрын Еңбекшіқазақ ауданында екі үйір жылқыға шабуыл жасалған. Оқиға орнында жануарлардың басы мен ішек-қарны жол бойына шашылып қалғаны байқалған.
Кейбір жылқылардың сүбелі еті ғана сылынып, сүйек-саяғы қалдырылған. Аталған жағдай тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір бұл дерекке қатысты тиісті органдарға хабар берілген.



