Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қылмыста негізгі күдікті ретінде аталған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы кеше сұхбат берді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
КТК телеарнасының тілшісі Жанат Жақсыбайқызы Instagram әлуметтік желісіндегі парақшасында сұхбатты бірнеше бөлікке бөліп жариялады
Сұлтан Сәрсемалиевтің анасының айтуынша келіні қатты ауырып қалғанын, оны емделіп келуге жібергенін айтты.
Оған дейін құда-құдағилар 2 жыл бойы үйімізге бір рет болсын келген жоқ. Келуге болады ғой, ана ғой! Қызыма ренжіп қалдым дейді. Бәрімізде ренжиміз, бірақ ана болған соң кешіру керек қой. Үйге келіп, құдағи сізге қиын болды ау, мен алып кете қояйын, қазақшылыққа салып 1-2 айға қарауға болады ғой. Бір келіп құда да, құдағи да есік қақпады. Мен соған ренжідім, – деді анасы.
Еске сала кетейік, күдіктінің анасы ұлының соңғы рет несие жабу үшін ақша аударғанын айтып, оның қылмысқа барғанына сенбейтінін айтып сұхбат берген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


