Әнші Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен видеосын жариялап көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Sn.kz_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол жолдасының әуежайда гүл шоқтарымен күтіп алған сәтін парақшасына жүктеген.
“Осы жерде менің күйеуім күтіп тұруы керек”, — деді ол қуанып.
Желі қолданушылар түрлі пікірлерін жарыса жазды.
“Бақытты болыңдар”, “Қандай әдемі”, “Екеуі бір-біріне ұқсайды”, “Үйленгендеріңізде қатты қуандық. Күйеуіңіз де қарапайым, мәдениетті жігіт сияқты. Бірақ кішкене жүректің ауыратыны неге екі жақта тұрасыздар?”, “Күйеуі қазақ емес сияқты”, деді олар.



