Жас қазақстандық қыздың мысығына арнап домбырамен күй орындаған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Rasdaily.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбада бойжеткен домбыра тартып отыр, ал жанындағы мысығы сабыр сақтап, қимылсыз отырып, әуенді мұқият тыңдап отырғандай әсер қалдырады. Үй ішіндегі жылы атмосфера мен ұлттық аспаптың әуені видеоны ерекше әсерлі еткен.
Желі қолданушылары бұл роликті соңғы кездердегі ең жүрекке жылы видеолардың бірі деп атап, домбыраның үні, қарапайым тұрмыс көрінісі және үй жануарына деген шынайы мейірім үйлесім тапқанын жазуда.
Қысқа уақыт ішінде видео мыңдаған қаралым мен пікір жинап, қазақстандықтар ғана емес, шетелдік көрермендердің де қызығушылығын тудырды.



