Әлеуметтік желілерде екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің кешірілетіні туралы хабар тарады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұның жалған екенін мәлімдеді.
– Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.
Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік бар екенін ескертті.



