ЖаңалықтарШоу бизнес

«Керемет»: коньки киген Нұртай Сабильянов желі қолданушыларын таңқалдырды

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Алматыдағы Шымбұлаққа отбасымен бірге барған видеосын жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Депутат жариялаған видеода коньки киіп, мәнерлеп сырғанайды.

«Бүгін отбасыммен коньки тебуге бардық.
Коньки тебу және шаңғымен сырғанауды 7 жасымнан бастап үйрендім. Жас кезімде хоккей ойнап, шаңғы жарыстарына қатыстым.
Қазір де коньки тебу мен Шымбұлақта шаңғымен сырғанау өмір салтыма айналды.
Жалпы, бұл спорт түрлері – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі», — деп жазды ол.

Оқырмандары депутаттың бұл өнерін жоғары бағалап, ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button