Қазақстандық блогер Қайсар Қамза 11 қаңтарда өзіне қатысты іздеу жарияланғаны жөнінде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде дастарқан басында отырған суретін жариялап, оған «бәрі жақсы» деген қысқа жазба қалдырған.
Алайда іздеу жариялануына немесе құқық қорғау органдарының назарын аударған себептерге байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін Қайсар Қамзаны іздеуді Қаржылық мониторинг агенттігі бастағаны және істің Астана қаласында тіркелгені хабарланған еді.




