ЖаңалықтарСпорт

Бублик 9-шы титулын жеңіп, ТОП 10 теннисшінің қатарына қосылды

Отандық кәсіби теннисші Александр Бублик Гонконгтегі ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп жазады qandastar.kz

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик финалда көрермендерге тартысты матч сыйлап, әлемнің жетінші ракеткасы, италиялық теннисші Лоренцо Музеттиді 7:6 (7:2), 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, 28 жастағы Александр Бублик карьерасындағы 16-финалда өнер көрсетіп, ATP аясындағы 9-шы титулын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол қатарынан бесінші финалда жеңіске жетіп отыр.

Осы нәтижесінің арқасында Александр Бублик спорттық мансабында алғаш рет ATP рейтингінің ондығына еніп, 10-орынға көтеріледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button