Продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні Индира Мауленова желіде енесімен бірге түскен видео жариялап, қызу талқыға ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Видеодан продюсердің ет тұздап жатқанын көруге болады.
«Көңілін тапсан барлық ене өз анаңдай.
Бүгінгі келін, ертеңгі ана. Ұрыспай, өсектемей, ауызбіршілігіміз мол болсын.
(Әзілің жарасса, енеңмен ойна) деп қоясынғой жаңағы», — деп жазды Индира.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырып жатыр.
Бірі «енең керемет жан ғой», «осылай ененің тілін тапқан келіннен айналып кетейін» деп жазып жатса, «келіннің тілі шығыпты, 3 бала туғаннан кейін көреміз», «тілің шығыпты ене деп» және «мамасын жұмсауды біледі» деген пікірлер де бар.



